Шешенстан мемлекет қызметкерлерін хиджабсыз жұмысқа кіргізбейді
Шешенстан мемлекет қызметкерлерін хиджабсыз жұмысқа кіргізбейді
7 жыл бұрын 2720 hibatulla.kz

Шешенстан мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін әйелдерге хиджаб кию қажеттілігі туралы бейресми ескерту келді. Бұл жайлы республиканың қоғам қайраткерлері мен журналистері хабарлады.

«Енді жұмысқа шаш көрінбейтіндей етіп орамал я үлкен шарф тағып, хиджаб кию қажет. Бұрын жай ғана косынка мен орамал тағуға болатын еді, бірақ қазір тек ғана хиджаб кию рұқсат етіледі. Бұл мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін барлық әйелдерге қатысты. Бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін достарымның бірнешеуіне жұмысқа хиджабсыз кіргізбейтіндіктерін ескерткен, - дейді мемлекеттік қызметте істейтін Республика тұрғыны.

0 пікір
Мұрағат