Тәліптер экологиялық мәселелерге назар аударып отыр
Тәліптер экологиялық мәселелерге назар аударып отыр
7 жыл бұрын 3317 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің бірталай елінде террористік ұйым ретінде танылған тәліптер қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада ел тұрғындарына үндеу тастады. Ол халыққа жолдауында ел аумағындағы экологиялық ахуалға алаңдайтынын жеткізіп, тұрғындарды көптеп ағаш отырғызуға шақырды. Айта кетейік, тәліптер Ауғанстан аумағының 40 пайызға жуығын өз бақылауында ұстап отыр. Өздері бақылауға алған аудандардың инфрақұрылымын жақсартуға күш салып жатыр. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Аталған қозғалыстың жетекшісі танымал дінтанушы әрі көптеген пәтуаның авторы ретінде белгілі. «Ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғауда, экономикалық дамуда және жерді көркейтуде маңызды рөл ойнайды»,- деп мәлімдеді ол. Ол тәліптер қозғалысын 2016 жылдың мамыр айынан бері басқарып келеді. 

0 пікір
Мұрағат