Мысырға бару визасы 2,5 есеге қымбаттайды
Мысырға бару визасы 2,5 есеге қымбаттайды
7 жыл бұрын 2704 inform.kz

Наурыз айының 1-нен бастап, Мысырға бару визаларының құны шамамен 2,5 есеге көтеріледі. Бұл туралы Мысыр СІМ хабарлады. Енді оның құны 60 доллар. Бұған дейін 25 доллар болған еді, деп жазды aif.ru. Визалар құнының қымбаттау жөнінде әуежайлар, теңіз порттары және жерүсті шекаралық асулар секілді Мысырдың барлық шекаралық бекеттеріне хабарланды. Соңғы рет Мысыр визаларының құны 2014 жылы өзгертілді. Онда 15 доллардан 25 долларға қымбаттаған еді. 

0 пікір
Мұрағат