Тәжірибе үшін бастары бәлеге қалды
Тәжірибе үшін бастары бәлеге қалды
2 жыл бұрын 1380

Австралияның Мельбурн қаласының маңындағы Фатима есімді 16 жастағы мектеп оқушысы әлеуметтік тәжірибе жүргізіп, мұсылман емес 15 әйелге шариғат шәлісін жамылып көруді ұсынған. Олар Фатиманың сөзін жерге тастамай, 3 сағат бойы шариғат шәлісін жамылып көрген екен, өздерін жайлы сезінгендерін айтып, алған әсерін бөліскен. Жергілікті қалалық әкімдіктің жастар бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын деректі фильмде пайдалану мақсатында аталмыш тәжірибе видеокамераға түсірілді. Бұл жайындағы ақпарат әлеуметтік желілерге тап болғаны сол екен, жүздеген австралиялық тұрғын тәжірибеге қатысқан әйелдерге айтпағаны қалмады. Исламофобтар оларды айыптап сөйлеп, дінін сатқан опасыздардың қатарынан бір-ақ шығарды. Бұл жайында Herald Sun ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір