Тәжді тажалға қарсы халал екпе жасалады
Тәжді тажалға қарсы халал екпе жасалады
4 жыл бұрын 2662 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия мамандары шариғат талаптарына сай короновируске қарсы екпе дайындауға кірісті. Бұл жайында Dunya News ақпарат көзі хабар таратты. COVID-19-ға қарсы екпенің Жидда қаласындағы корол Әбдіәзіз атындағы университет қабырғасында жасалып жатқанын жеткізді аталмыш жобаға атсалысып жатқан жергілікті SaudiVax биофармацевтикалық компаниясының директор меңгерушісі Мазен Хасанейн. Осылай деген ол аталмыш екпенің Таяу шығыс нарығында келесі жылы пайда болуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Десе де бұл жағдайға қарай көптеген факторларға байланысты болғандықтан аталған мерзімнен ерте немесе кеш пайда болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Әдетте екпені дайындағанда ғалымдар тірі қалуы үшін қоректік ортаға мұқтаж тірі жасушаны пайдаланып жатады. Екпенің құрамында шариғат талабына қайшы, мәселен, желатин секілді доңыз организімінен алынған қоспалар кездеседі. Міне, осыларды ескерген саудиялық мамандар екпе жасауды өздері қолға алды. Бұл бағытта ізденіс үстіндегі мамандар аймақта екпе дайындауға қажетті компоненттер тапшылығы барын жасырмайды. Осындай факторларға байланысты тәжді тажалға қарсы екпе ішінара Саудияда жасалып, келесі кезеңінде АҚШ-та жалғасын табуы мүмкін. Әдетте бұл процесс елдер арасындағы ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылады.

0 пікір
Мұрағат