Суицидке қарсы заң қолдау тапты
Суицидке қарсы заң қолдау тапты
7 жыл бұрын 2858 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының министрлер кабинеті кәмелет жасына толмағандарды суицидке итермелегендерге қатысты қылмыстық жазаны күшейту туралы заң жобасын қолдады. Бұл жайында INTERFAX.RU ақпарат көзі РФ үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш заң жобасында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсайтындай жағдайға жеткізгендерді, ұдайы жәбір көрсеткендерді, адамның өз-өзін өлімге қиятындай әрекеттерді жасауы үшін қысым көрсеткендерді қылмысы үшін жауапкершілікке тарту көзделген. Бұған қоса, аталған елдің қылмыстық кодексіне суицидке итермелегендерге қатысты баптарға толықтырулар енгізу ұсынылды. 

0 пікір
Мұрағат