Сот ислам орталығына қарсы арыздарды қараудан бас тартты
Сот ислам орталығына қарсы арыздарды қараудан бас тартты
10 жыл бұрын 3367 islam.kz

Американың Теннесси штатына қарасты Рузерфорд округының барлық соты мешіттің жанынан мұсылмандар мазарын кеңейтуді көздеген Мерфрисборо қаласында орналасқан ислам орталығына қарсы талап арыздарды қараудан бас тартты.

Бұрын аталмыш қаланың тұрғындары ислам орталығы қамқоршыларының үстінен арыз-шағымды «қарша боратқан» болатын. Алайда, алдымен Алланың, сонсоң жергілікті мұсылман жамағатының ауызбіршілігі мен қажыр-қайратының арқасында ислам орталығы ашылғанын айта кету керек. Айтқанға оңай. Әйтпесе, қолдан жасалған қаншама кедергіден, бюрократиялық тасқамалдың асу бермес өткелінен өтуіне тура келгенін бір Алла мен жергілікті мұсылмандар ғана біледі.

Мұсылмандар құлшылық үйінің салынуына қарсы еш айла қыла алмаған жергілікті исламофобтар осы мешіттің жанынан мұсылмандар мазарының ашылуына өретүрегеліп, бұл жолы да қолдарынан келгенше наразылық танытып, қарсылық көрсетіп бақты. Нақтырақ айтқанда, ілік ііздеген олар бүйректен сирақ шығарып, марқұмды табытсыз жер қойнына тапсыруға мазар ашылатын жердің топырағының қаншалықты жарамды екенін тексеріп көруге де арыз берген болатын. 

0 пікір
Мұрағат