Сионистер мешітті мұражайға айналдырды
Сионистер мешітті мұражайға айналдырды
9 жыл бұрын 2547

Израилдің Бэр-Шева қаласында сионистер жергілікті мұсылман жамағатының наразылығын елеместен тарихы тым арыда жатқан көне мешітті мұражайға айналдырды. 10000-нан аса мұсылман құлшылық ететін ғибадат ғимараты жетіспей жатқанда сионистердің бұл қадамы онсыз да ушығып тұрған қарым-қатынасты одан ары күрделендіріп жіберуі мүмкін екені ескерілмеді. Бұл көрме 1948 жылы палестиналықтарды ығыстырғанға дейін мұсылмандар құлшылық ететін орын болатын. Аталмыш мұражай қызметкерлерінің арасында бірде-бір арабтың немесе мұсылман адамның жоқтығы да сионистердің діни әрі нәсілдік кемсітушілікке қасақана жол бергенін байқауға болады. Мұражайға айналдырылған осынау мешіт 1906 жылы Осман қағанаты тұсында ашылған болатын.

0 пікір
Мұрағат