Сингапурда күрделі жөндеуден өткен мешіт жамағатқа есігін айқара ашты (фото)
Сингапурда күрделі жөндеуден өткен мешіт жамағатқа есігін айқара ашты (фото)
8 жыл бұрын 2710 Islam-today

Бүгін Сингапура күрделі жөндеуден  (реконструкция) өткен "әл-Фәлақ" мешіті жамағатқа есігін айқара ашты.  Аталған мұсылмандардың құлшылық үйін кеңейту жұмыстары екі жылға созылған болатын. Ендігі жерде екі мың адамға дейін бір мезгілде намаз оқи алады. 

Прихожане мечети Аль-Фасал на первой после расширения пятничной молитве.

Реконструкциядан кейінгі алғашқы жұма намазына қатысқа жамағат

Аталған мешіт осы елдегі мұсылмандардың құлшылық үйлерін жаңғыртуға арналған ауқымды бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өткен еді. Осы бағдарлама арқылы Сингапур билігі елдегі мұсылман жамағатының әлеуметтік-діни ахуалын жақсартып, әлеуетін көтеруді көздеп отыр. Ел билігі қолға аталмыш бағдарлама аясында, сондай-ақ, 6 мешіт жаңғыртылған еді бірінші кезеңінде. Ал екінші кезеңінде тағы 11 мешітке күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Алла қаласа. "әл-Фәлақ" мешітін кеңейту жұмыстарына  2,5 миллион доллар қаражат жұмсалды. Қаражаттың көп бөлігін қайырымдылық қорлары аударды және садақадан түскен қаржы құрайды.

Мусульмане тестируют лифт-платформу.

Мешітте мүмкіндіші шектеулі жандар үшін де қолайлы жағдай жасалған: арнайы пандустар мен лифт-платформа бар. 

0 пікір
Мұрағат