Шөлді сел алды (видео)
Шөлді сел алды (видео)
5 жыл бұрын 5460 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия аумағында қатты жауған нөсерден сел-тасқын жүріп, нәтижесінде 35 адам табғиғи апат құрбаны болды. Saudi Gazette мерзімді басылымы таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, аталған елдің ондаған өңірінде стихиядан кісі өлімі орын алған. Әсіресе, қасиетті Мекке қаласында қаза тапқандар қарасы көп - 11 адам. Олардың дені селге ағып, ток ұрып,құлаған ғимараттың астында қалып опат болған. Табиғаттың дүлей мінез танытуына байланысты 4 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ең қызығы, жауын сирек жауатын, оның өзінде қысыр жауатын шөлді сел алғаны болды. 

 

0 пікір
Мұрағат