Шөл жанкештілерінің ерлігі (фото)
Шөл жанкештілерінің ерлігі (фото)
4 жыл бұрын 3686 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте жанкешті сөзі «ерлік» сөзінің синонимі ретінде, қазақ ұғымында жақсы мағынасында қолданылатын еді. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарында бұл сөз содырлардың ессіз әрекетіне байланысты сүтке тиген күшіктей сүйкімі қашып, жағымсыз сипат алып кетті. Өкініштісі осы. Мұны неге айтып отырмыз? Оқырман теріс түсініп қалмасы үшін айтып отырмыз. Әйтпесе жазбамыздың кіріспесін біз сөз етпек болған тақырыптқа тікелей қатысы жоқ түсіндірмемен бастамас едік. Сонымен... құм суырып, бет қаратпай бораған дауыл мен Тэнгэрдің (шөл даланың атауы) аңылжыған желіне, аптап ыстыққа қарамай бірнеше ондаған адам құдайдың құтты күні жұмысқа шығады. Күрек-кетпенмен бедірейп жататын құмның бетіне төрт бұрыш салады. Еңбегі еш болмасы үшін оларды сабанмен бекітеді. Құмның көшуін тоқтату үшін. Олардың асқан төзімділік пен табандылықты талап ететін бұл жұмысы Қытайдың өмір сүруге жарамды аймағына жылжып келе жатқан құмды тоқтатуға бағытталған «Жасыл қытай қорғаны» деп аталатын жобаның бір бөлігі.

Для чего китайцы выложили тысячи квадратов на песке в пустыне Тэнгэр

Сөз орайы келгенде айта кету керек, қытай аумағының төрттен бірінен көбі тіршілікке жарамсыз шөл және шөлейтті болып келеді. Өздері жарамсыз болып қоймай, жарамды ауыл шаруашылық жерлерген қауіп төндіріп тұр: құмның көшуі, аңызақ желі мен шаңды бораны көрші өңірлер мен өлкелерді де тіршілікке жарамсыз етуі мүмкін. Кезінде жерді оңды-солы пайдаланып, осындай күйге түсірген қытайлар ақыр соңында оны қалпына келтіру үшін тырмысып жатыр. Дәлірегі, Қытай билігі елдің солтүстігіндегі және солтүстік-батысындағы әлемге әйгілі Такла-Макан және Гоби шөлімен күресіп жатыр. Ел астанасы – Бейжің қаласының көшелерін тонна-тонна құмға көміліп қалады. Дауыл соққанда. Біз сөз етіп отырған Тэнгэр шөлі Алашандық Гобидің бір пұшпағы.

Для чего китайцы выложили тысячи квадратов на песке в пустыне Тэнгэр

Құмның көшуін бір-ақ нәрсе тоқтата алады: ол  - шөлге шыдамды ағаштар мен бұта-қараған. Егер жас көшетті құмға отырғызса, оны сусымалы құм жұтып қояды. Сол себепті де жас көшетті сабанмен бекітеді. Қытай билігі аталмыш жобаны 2050 жылы аяқтауда көздеп отыр. Өткен жылдың 70-80 жылы басталған жоба болатын. Осыдан 20-30 жыл бұрын басталған жоба өз нәтижесін бере бастады: көшет отырғызылған жерлерде құм тоқтап, тіпті, сол маңыдағы өлке мен өңір ауыл шаруашылығына жарамды жерге айналған. Оның дәлелі ретінде төмендегі суреттегі Күзіпші шөліндегі мына көріністі айтуға болады. Кезінде құлан жортпас қу медиен шөл еді деуге аузың бармайды, Африка құрлығындағы әлемдегі ең үлкен Сахара шөлінің аумағының одан ары жайылуына жол бермес үшін шөл маңайындағы елдер жасыл белдеу жобасын қолға алған болатын.

Для чего китайцы выложили тысячи квадратов на песке в пустыне Тэнгэр

0 пікір
Мұрағат