Шартарап: Үнді жігітінің қолында қытайлық смартфон жарылып кетті (видео)
Шартарап: Үнді жігітінің қолында қытайлық смартфон жарылып кетті (видео)
8 жыл бұрын 4474 tengrinews.kz, Lenta.ru, inform.kz, tvzvezda.ru

Үнді жігіті "Xiaomi" маркалы смартфонның жарылысынан таңданарлық жағдайда аман қалды. Аджай Радж Неги оқыс оқиғаның видеосын "Facebook" әлеуметтік желісіне жүктеді. "Mi4i" моделінің иесі өзі істейтін офистің жұмыс орнында қуаттауға қойған. Смартфонды қолданып отырған кезде кенеттен түтін шығып, артынша жарылған. Ер адам үстелінен тұрып үлгерген, алайда, оның жұмыс орны бүлінді. Жұмысшылардың арасын бөліп тұратын қалқан өртеніп, клавиатура балқып кеткен. Оқиғаны жұмыс орнында орнатылған камераға жазылып қалған.

"Мен әлі де қорқынышпен еске аламын бұл оқиғаны. Бұл"MI4I" смартфоны біреуді өлтіріп немесе жаралауы мүмкін еді", - дейді Неги. "Facebook" әлеуметтік желісі арқылы ер адам осы гаджеттерді өндіруші компаниядан мына жағдайды түсіндіруін талап етті. Ол осы ұялы телефонды небәрі бір жыл қолданғанын айтып, "Xiaomi" командасын "сапасы төмен тауарларды өндіреді" деп айыптады. Компания өкілдері көп күттірмей жауап қайтарды, олардың айтуынша, бұған батарея себепші және үндіске ешбір ақысыз орнына жаңа смартфон жеткізіп беретінін айтқан.

Қойылым кезінде мотоцикл артистің үстіне құлады (ВИДЕО)

Шілде айының 28-і күні Кемеревода мотокаскадер қойылымы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Артист «Өлім шары» нөмірін -жоғары жылдамдықпен  қабырға бойынша байкер қозғалатын  шағын металл шарда трюк орындап жатқан. Мотоциклшілер цирк шоуы кезінде «өлім шарында» соқтығысып қалды. Алайда, бұл жолы трюкач шыдай алмай, құлап кетті. Мотоцикл оның үстіне құлады. Оқиғаны көрермендер видеоға түсіріп алды. Абырой болғанда, әртіс аман қалды.

 

Жаңа жолаушылар лайнерінің адам сенгісіз трюктері (ВИДЕО)

Ұлыбританияда «Фарнборо»  авиасалонында «Boeing»  компаниясының ұшқыштары өз шеберліктерін және жаңа «737 MAX» лайнерінің мүмкіндігін көрсетті. Зауыттың ұшқыш- сынаушылары авиашоуда жолаушылар ұшағының аспанға тік көтерілуін, ал содан кейін қысқа ғана еркін құлауын көрсетті. «Boeing 737 MAX 20017» жылы коммерциялық пайдалануға беріледі.  

Непалда аса үлкен аспалы көпір құлады (ВИДЕО)

Непалда  ұзаққа созылған, 58 адамның өмірін қиып кеткен су тасқыны салдарынан Бутбал қаласы аумағындағы Тинау өзеніне салынған аса ірі аспалы көмір опырыла құлады. Кездейсоқ өтіп бара жатқан жолаушылар бұл оқиғаны камераға түсіріп алған. Бұл келеңсіз жағдай 26 шілдеде таңертең орын алды. Көпірмен бірге тағы бес үй суға ағып кеткен. Кейбір ақпараттарға қарағанда, екі полиция қызметкері жараланған.

0 пікір
Мұрағат