Шартарап: Үйді өзі кірпіштен қалайтын робот жасалды (ВИДЕО)
Шартарап: Үйді өзі кірпіштен қалайтын робот жасалды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2908 inform.kz, Daily Mail

Австралиялық «Fastbrick Robotics» компаниясы бір сағат ішінде 1 мың кірпіш қалайтын «Hadrian X» құрылыс роботын жасап шығарды. Өнертапқыштар роботтың арқасында үйді екі күнде салып бітіруге болатынын айтады. "Hadrian X" алыстан әрі биіктен тұрып қалайтын жебемен жабдықталған. Цемент орнына жабысқақ желім ерітінді қолданады, бұл жылудың саңылаудан кетіп қалмауына мүмкіндік береді. Робот үйді 3D жобасымен орындалған алдын ала сызылған сызба бойынша тұрғызады. Ол, сондай-ақ, кірпіштерді қажетті қалыпқа келтіріп, сындырып қырын тегістеп алуға қабілетті. 

0 пікір
Мұрағат