Шартарап: Лондонның мэрі болып мұсылман Садық Хан сайланды
Шартарап: Лондонның мэрі болып мұсылман Садық Хан сайланды
8 жыл бұрын 2955 inform.kz 24.kz dp.media

Лондонның мэрі болып лейборист Садық Хан сайланды, ол тарихқа бұл қызметтегі алғашқы мұсылман ретінде кіреді.

Жаңа қала басшысының есімі сенбіге қараған түні лондондық ратушадағы арнайы рәсім кезінде аталды, деп жазады РИА Новости.

Қорытынды нәтижелерге сәйкес, Хан 44 пайыз дауыс алды, ал оның басты бәсекелесі, аристократ және мультимиллионер Зак Голдсмит 35 пайыз дауысқа ие болды.

Хан бұл қызметте бұрынғы мэр, консерватор, қазіргі кезде парламент депутаты және Дэвид Кэмероннан кейін премьер-министр қызметіне әлеуетті кандидаттардың бірі болып қалып отырған Борис Джонсонның орнына келді.

Джонсон жұма күні Сити-холлдан соңғы «твиттерін» жариялады.

«Сити-холлдан кететін уақыт болды. Сіздердің мэріңіз болу мен үшін үлкен құрмет еді», - деп жазды Джонсон. 

100 жастағы әйел 100 метрге жүгіруден рекорд орнатты (видео)

Америкалық қарт Ида Килинг 100 метрге жүгіруден жас мөлшері 80-нен асқан жандар арасында әлем рекордын орнатты. Ол аталған қашықтықты 1 минут 17 секундта жүгіріп өтті.

- Құлшынысың мен талабың болса, кез келген арманыңды бағындыра аласың. Мен ешқашан әлсіз болғым келмейді, - дейді америкалық.

 Колумбия азаматы 2 ай бойы ашық теңізде өмір сүрген (видео)

Тынық мұхитында 2 айдан астам уақыт бойы ашық теңізде өмір сүрген Колумбия азаматы құтқарылды. 29 жастағы теңізші қазір Гавай аралдарына жеткізілген. АҚШ-тың жағалау күзетінің хабарлауынша, ер адамның жағдайы жақсы және оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Өкінішке қарай, колумбиялықпен бірге теңізге аттанған тағы 3 адам көз жұмған. Аман қалған теңізшінің түсіндіруінше, олар мінген кеменің қозғалтқышы істен шыққан. Ал өзі балық пен шағаланың етін жеп күнелткен.

Филиппин, Малайзия және Индонезия теңіз қарақшыларына қарсы күресті бірге жүргізеді

Малайзия, Индонезия және Филиппин елдері теңіз қарақшыларына қарсы күресті күшейтуде бірлесіп әрекет етпек. Индонезияның Джокьякарта қаласында үш елдің сыртқы істер министрлері осындай мәмілеге келді. Олардың мұндай келісім жасауына теңіздегі кемелерге Филиппиннің оңтүстігінде бекінген «Абу Сайяф» лаңкестік тобының жиі шабуыл жасауы түрткі. Лаңкестер өткен жылдың қыркүйегінде бір кемені басып алып, борттағы экипаж мүшелерін тұтқынға алған. Осы жылдың сәуірінде олар тұтқындардың бірін ажал құштырып, «қалғандары үшін ақы төлемесе, шетінен өлтіре береміз» деп сес көрсеткен. Осындай оқиғаларға жол бермеу үшін үш ел басшылары экономикалық маңызы бар теңіз жолын біріге қорғауға келіскен.

 

0 пікір
Мұрағат