Әлемдегі үшінші үлкен мешіт салынады (ФОТО)
Әлемдегі үшінші үлкен мешіт салынады (ФОТО)
8 жыл бұрын 2800

Алжир елінде көлемі жөнінен әлем бойынша үшінші болатын алып мешіт салынбақ. «Джамаа әл-Джазаир» деп аталатын мешітте бір мезгілде 120 000 жан құлшылығын өтейтін болады. Аталмыш мешіттің мұнараларының биіктігі де анағұрлым ұзын болмақ. 265 метр! 

Бұдан бөлек, мешіт ғимаратында 300 шәкіртке арналған оқу орталығы және үлкен кітапхана орналасады. Мешіт құрылысы 2017-жылы аяқталады деп күтілуде.  

0 пікір
Мұрағат