9 жастағы қыз «жыл кәсіпкері» атағына ие болды (ФОТО)
9 жастағы қыз «жыл кәсіпкері» атағына ие болды (ФОТО)
8 жыл бұрын 3551

Зимал есімді тоғыз жастағы пәкістандық қыз Сауд Арабиясының астанасында  "PioneerAward/Ecopreneur» аталымы бойынша ханзада Әбдіәзіздың қолынан марапатқа ие болды. Саргода қаласының тумасы Зимал осылайша ең жас кәсіпкер ретінде сый-сияпатқа ие болды. Бұған қоса, федералды Білім беру министрлігі тарапынан алтын медалды кеудесіне тақты. Зимал мұндай жетістікке қалай қол жеткізді? Ол қағаздан пакет жасап, оның әрбіреуін 70 рупиден сатып, түскен табысты жергілікті жетімдерге үлестіріп береді. Кейде тұтынушылар оның қайырымды ісіне үлес қосып, пакетті үстеме бағамен сатып алып жатады. Болашақта кәсіпкер қыз экологиялық жобаларменм айналысуды жоспарлап отыр.

 

0 пікір
Мұрағат