Шартарап: Ғалымдар жарылғыш затты анықтайтын сканер ойлап тапты (видео)
Шартарап: Ғалымдар жарылғыш затты анықтайтын сканер ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 2733 24.kz turbomobi.ru inform.kz Gazeta.ua Gizmag montrealracing.com Cihan Е.Қашқынов, Ә.Хасенқызы Г.Абилова

Британдық мамандар үлкен-кішісіне қарамай, кез келген жарылғыш затты анықтайтын сканер ойлап тапты. Инженерлердің айтуынша, жаңа құрылғы Брюссель мен Парижде болған лаңкестік әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір құрылғыны жасаған инженелердің бірі жарылғыш заттың кішкентай түйірін киімінің ішіне салып жатыр. Лазер, камера және электронды чиппен жарақтанған сканер қауіпті нәрсені жаңылмай таниды. Джон Тайрер, Лафборо университетінің профессоры: - Мен жарылғыш затқа саусағымды тигізіп көрдім, бірақ ештеңе сезе алмадым. Ал біз жасаған құрылғы оны бірден анықтайды. Инженерлердің айтуынша, жаңа сканер әуежайлар мен адам көп шоғырланатын орындарға таптырмас құрал бола алады. Бұл құрылғы бір жағынан содырларға қарсы құралға айналса, екіншіден бақылауды күшейту ісін жеделдетуге мүмкіндік бермек. Джон Тайрер, Лафборо университетінің профессоры: - Егер оны есік жақтауына бекітіп қойса, ол адамдардың тұла бойын тынымсыз толық сканерлеп тұрады және жолаушылар нөпіріне кедергі келтірмейді. Бұл мәселені түбегейлі жойып жібермейді, бірақ қауіпсіздік күштерінің жұмысына жаңаша серпін береді. Мэттью Финн, қауіпсіздік саласындағы консалтингтік компания директоры: - Бұл – маңызды құрылғы. Себебі, оны адамға тигізіп қажеті жоқ. Сондықтан ол мүлде көзге түспей, елеусіз тұрады. Біз адамдардың бойынан жарылғыш заттарды іздейміз, ал олар түк сезбейтін болады. Бұл құрылғы лаңкестік әрекеттің алдын алуда таптырмайтын құрал екендігі сөзсіз.

BMW көлігін бағындырған үш жасар бала (видео)
Ғаламторда BMW көлігін тізгіндеген 3 жасар бала түскен бейнеролик күн өткен сайын танымал болып барады. Роликтің сипаттамасына сәйкес, бұл балақай Ирак елінің тұрғыны екен. Небәрі үште болғандығына қарамастан, ол ескі БМВ көлігін тек жүргізіп қоймай, темір тұлпарды бір орында шыр айналдырып та айдауды жетік меңгерген. Ал оны бейнеге түсіріп, ғаламторға жариялаған әкесі екені белгілі болды.  Газ және тежегіш басқыштарына аяғының ұшымен ғана жететін ол, көлік жүргізе отырып, мүлт кетпестен камераға тура қарайды.

Сингапурда өздігінен басқарылатын автобустар пайда болады (ВИДЕО)

Сингапурде өздігінен басқарылатын  автобустар пайда болады. Жоба роботтандырылған көлік құралдары арқылы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға бағытталған. Бастама атауы - "2getthere Asia". Оның аясында электрлік қозғалтқыштары бар өзін-өзі басқаратын автобустар салынып жатыр. Мұндай көліктің әр салоны 24-ке жуық адамды сыйдырады.  Бір бағытта сағатына 8 мың тұрғынды тасымалдау жоспарлап отыр.  

Дубайда жүргізушісіз автобус пайда болды

БАӘ-дегі Дубай әмірлік-қаласында көшеде адам басқармайтын автобус жүре бастады, деп хабарлады Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің микроблогында БАӘ премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум. «Дубай болашақтың қаласының әлемдік үлгісі ретінде өзін-өзі басқаратын көлік технологиясын енгізудің және дамытудың сынақ алаңына айналды», - деп жазды ол «ақылды» автобус суретінің астына, ол он жолаушыға арналған.

Жүргізушісіз автобуспен кез келген кісі серуендей алады. Ол озық сенсорлық датчик жүйесімен және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи құралдарымен жарақтанған. Автобус жол бойы қозғалыс үстінде лазермен оны адам басқарып келе жатпағаны  туралы дабыл беріп отырады. Ойдағыдай тестілік сынақтан өткеннен кейін Дубай үкіметі 2020  жылы Дубайда ашылатын «ЭКСПО» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі кезінде туристерді тасымалдау үшін осындай автобустарды сатып алады.

Шейх Әл Мактум атап өткендей, Дубайда көлікті дамытудың жаңа стратегиясына сәйкес 2030 жылға қарай кәдімгі автобустардың төрттен бірі өзін-өзі басқаратын көлік құралдарына ауыстырылады.

0 пікір
Мұрағат