Шартарап: Донер сатушы өзіне жабылған 30 жігітке пышақпен төтеп берді (видео)
Шартарап: Донер сатушы өзіне жабылған 30 жігітке пышақпен төтеп берді (видео)
8 жыл бұрын 3054 24.kz blogspot.com Express Baq.kz massaget.kz Г.Абилова

Португалияда донер сататын дүңгіршектің иесін тонамақ болып, оған тепсе темір үзетін 30 жігіт жабылды. Бірақ, донер пісіруші Мұстафа Картал осал болмай шықты. Ол полицейлер жетем дегенше тонаушыларға қарсы ет кесетін пышақты сермеп, өзін және мүлкін барынша қорғады. Сөйтіп, 30 жігіттің ниеті іске аспай, оқиға орнына кеш те болса полиция жасағы келіп жетті.

Мексика астанасында көліктердің 40 пайызына көшеге шығуға тыйым салынды 

Мехико қаласының әкімшілігі ауаның қатты ластануына байланысты қала көшелеріндегі жүк және жеңіл көліктердің санын 40 пайызға азайту жөніндегі шешім қабылдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Наурыз айында шыққан қаулыға сәйкес, жұмыс күндері автомобильдердің бестен бір бөлігі пайдаланылмауы тиіс. Көшеде жүретін көлікке рұқсат нөміріндегі сандарға қарай беріледі.

Әзірге бұл шектеулер экологияға қатты әсер етпеді. Сәрсенбі  Мехикода көк тұман тұрды. Ластану да нормадан жоғары болды.

Қала билігі бұған Мехикодағы қазіргі құрғақ әрі ыстық көктем себепші болып отыр деп санайды. Жел мүлдем жоқ. Қазір түтін-тозаңның көлемі нормадан 1,9 есе жоғарылап кетті.

Автомобиль пайдалануға қойылатын шектеулер жауын-шашын маусымы басталған соң, маусым айында алынады.  

Соңғы санақтағы көрсеткішке сәйкес, 2014 жылы қалада  4,7 млн автомобиль тіркелген.  

Жапонияда балалар саны ел тарихындағы ең төменгі деңгейге түсті 

Жапонияда  15 жасқа дейінгі балалар саны  1950 жылдан ең төменгі деңгейге түсті.  Бұл туралы жапониялық әкімшілік істер және коммуникациялар министрлігінің есебінде жазылды, деп хабарлады  ТАСС.

127-миллион тұрғыны бар Жапонияда қазір 15 жасқа толмаған 16 млн. шамасында бала бар. Олардың саны бір жылда 150 мың адамға қысқарды. Қазір тұрғындар арасындағы балалар үлесі 13% - бұл рекордтық аз көрсеткіш.

Балалар санының азаюы туу көрсеткішінің кемуіне байланысты.

Атап өту керек, Жапонияда қариялардың саны артып келеді. Статистика мәліметтері бойынша, Жапонияда 65 жастан асатын тұрғындардың саны 34,8 млн адамға жеткен. Олар Жапония тұрғындарының шамамен 26,7% құрайды. 

 Олимпиада ойындарына тұңғыш рет анасы мен ұлы қатысады (фото)

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына тұңғыш рет анасы мен ұлы қатысады. Осыған дейінгі Олимпиада тарихында мұндай жаңалық болмаған. 

Анасы мен ұлы да пневматикалық мылтықпен оқ ату спорты бойынша Олимпиада жолдамасын иеленген. Нино Салуквадзе мен оның ұлы Цотне Мачавариани Грузия құрамасының намысын қорғайды.

47 жастағы Нино Салуквадзе Олимпиада ойындарына 7-рет қатысқалы отыр. Оның еншісінде алтын, күміс, қола жүлде де бар. Ал оның 18 жастағы ұлы төрткүл дүниенің кіл мықтылары жиналатын додада алғаш рет бағын сынайды.  

<p>Нино Салуквадзе и Цотнэ Мачавариани</p>

Нино Салуквадзе на Олимпиаде в Пекине, 10 августа 2008 года

0 пікір
Мұрағат