Ескі төлқұжатқа ие қазақстандықтар шетелге шыға алмайды (фото+видео)
Ескі төлқұжатқа ие қазақстандықтар шетелге шыға алмайды (фото+видео)
8 жыл бұрын 3954 almaty.tv

Ескі төлқұжатқа ие қазақстандықтар шетелге шыға алмайды. Өйткені мұндай құжат жарамсыз. Соған сәйкес, өзге мемлекетке жол тартатын жолаушының жеке сәйкестендіру нөмірі енгізілген ұлттық төлқұжаты болуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне сілтеме жасап Қазақстан туристік қауымдастығы хабарлады. Шамамен 2004 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі төлқұжаттарда беттің оң жағында құжат иесінің жынысы көрсетілген жерде қажетті нөмір туралы ақпарат жоқ. Есесіне бұл ақпарат машинамен есептелген төмендегі жолдарда тегі, есімі, төлқұжат нөмірі, туған жылы кері тәртіппен жазылған, сондай-ақ, жынысы, төлқұжаттың шығарылған күні және соңғы 12 сан - бұл қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі. «Төлқұжаттың бірінші бетіндегі төмендегі машинамен есептелген жолдар бар ел азаматтарын Шекара қызметі әдеттегі тәртіппен жібереді», -делінген Қазақстан туристік қауымдастығының хабарламасында.

Казахский паспорт

0 пікір
Мұрағат