Шартарап: Австрияда отын кесуден әлем чемпионаты өтті (видео)
Шартарап: Австрияда отын кесуден әлем чемпионаты өтті (видео)
8 жыл бұрын 2206 24.kz bibo.kz panoramio.com ria.ru BNews.kz Twitter/DJ BelAir

Австрияда ерекше дода ұйымдастырылды. Альпі тауының етегінде орналасқан Тироль аймағында әлемнің ең үздік отын кесушілерінің халықаралық жарысы өткен. Оған 8 үміткер қатысып, екеуі ақтық сайыста бақ сынасты. Олар – 42 жастағы жаңазеландиялық Джейсон Виньярд пен 20 жастағы австралиялық Брейдон Мейер. Нәтижесінде Брейдон ағаш аралау мен отын кесудің хас шебері екенін дәлелдей алды. Брейдон Мейер, австралиялық отын кесуші: - Джейсон Виньярд – осы чемпионаттың 7 дүркін жеңімпазы және менің жақсы досым. Ол – маған үлгі бола білген адам. Осы жарыста бірге болғаныма шексіз қуаныштымын.

Еуропа елдеріне найзағай қауіп болып тұр (видео)

Еуропаға найзағай қауіп болып тұр. Үш бірдей елде 50-ге жуық адам жарақат алып, бір тұрғын көз жұмған. Францияда саябақта серуендеп жүрген 11 адам жараланды. Оның сегізі бала. Дәрігерлер алтауының жағдайы ауыр екенін айтады. Ал Польшада тауда жүрген туристке жай түсіп, оқиға орнында тілге келмей жан тапсырды. Елдің өзге бөлігінде де осыған ұқсас жағдайда 3 альпинист ауруханаға жеткізілді. Германияда найзағай футбол алаңына түскен. Жарақат алған 35 адамның 30-ы 9-11 жас аралығындағы балалар. Жалпы, Германияда соңғы күндері ауа райының қолайсыздығы байқалып тұр. Мұнда бұршақ аралас жауған жауынның салдарынан пойыз рельстен шығып кеткен. Сондай-ақ кейбір өңірлерде су деңгейі көтеріліп, көлік қозғалысы шектелді.

Германияда найзағайдан 35 адам жарақат алды (видео)

Германияның Хоппштаттен қаласында жай түсіп, 35 адам жарақат алды. Оқиға балалар командаларының арасында футболдан жарыс өтіп жатқан кезде болған. Жарақат алғандардың 29-ы бала екен. Балалардың көбі 9-11 жас аралығындағы балғындар болып отыр. Зардап шеккендерге сол маңдағы адамдар жасанды дем салып, көмектескен. Оқиға орнына тікұшақ шақырылып, жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жеткіншектердің жүрегі сыр берген деп отыр. Мамандар ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.

 Германияда шелектеп құйған жауынның соңы селге ұласты (ВИДЕО)
Кеше Германияның оңтүстігінде басталған нөсер жауын салдарынан Баден-Вюртемберг өңірінің көптеген қаласында сел жүрді. "Bild" мерзімді басылымы табиғаттың тосын мінезіне үш адам төтеп бере алмағанын хабарлап отыр. Жергілікті билік ақпараттарына сілтеме жасаған бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратынша, Швебиш-Гмюнд қаласында қаза тапқандар арасында бір өрт сөндіруші бар. Тағы бір адамның денесі Вайсбах коммунасындағы гараждан табылған.

0 пікір
Мұрағат