Шариғатқа қайшы заң жобасы қабылданбады
Шариғатқа қайшы заң жобасы қабылданбады
6 жыл бұрын 3879 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы депутаттары бес жыл бірге тұрған, бірақ, мемлекеттік хал актілерін тіркеуге тұрмағандарды ресми отбасы деп тану қарастырылған заң жобасын мақұлдамады. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. Мемлекеттік думаның отбасы және әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі комитеті аталмыш заң жобасын күн тәртібінен алып тастап, оның орнына, яғни, РФ Отбасы кодексіне "нақты неке қатынасы" ұғымын енгізуді ұсынды. Федерация мүшесі Антон Беляков бұл ұғымды былай тарқатқан екен: "бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін ер мен әйелдің белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген одағы". "Нақты неке қатынасының белгілері: бес жыл бойы бірге тұру, екі жыл бірге тұрып, перзент сүю (екеуіне ортақ)",- деп сипаттады артынша. Алайда, оның тек шариғатқа қана емес, сонымен қатар, отбасы құндылығын төмендететін әрі жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік беретін, ұрпақты аздыратын бұл ұсынысы қабылданбады. Ресейдегі бұл заң жобасын несіне сонша әуре болып айтып отырсыздар деп ойлауыңыз мүмкін. Қазақстан геосаяси, экономикалық, т.б. барлық жағынан Ресейге қаласақ та, қаламасақ та, біршама тәуелді елміз. "Кремлде дауыл тұрса, оның шаңы қазақ даласында борайды" деген сөз бар. Оның үстіне, біздегі орыстілді билік көрші елдің заңын жергілікті титулды ұлттың менталитетімен санаспай ала салуы мүмкін екенін тағы ескеріңіз. Қауіп қайдан дерің бар ма? Мұндай дүбара заңның қабылданбағаны бізге жақсы. Қысқасы. 

0 пікір
Мұрағат