Шариғат талаптарына сай медициналық қызмет көрсету жайы талқыланды
Шариғат талаптарына сай медициналық қызмет көрсету жайы талқыланды
8 жыл бұрын 2823 Islam-today

Ресей Федерациясының Ислам институтында шариғат талаптарына сай медициналық қызмет көрсету жайына қатысты жоба талқыланды. Аталмыш шараның өтуіне Татарстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасының «Халал» стандарты жөніндегі комитет ұйытқы болды.  Жиынға қатысқандар бүгінгі таңда мұсылмандар тарапынан сұраныс артып келе жатқан шариғат талаптарына сай медициналық қызмет көрсетудің қоғамдағы маңызы мен қажеттілігіне тоқталды. Оның үстіне, Орта Азия елдерінен келетін еңбек мигранттары үшін де бұл мәселенің маңызды екені айтылды. Бұл жиында халал дәрі-дәрмектермен қатар пациенттер тағамының шариғат талаптарына сай әзірленуі де сөз болды. Емханаларда намаз оқитын орындардың болуына да, сонымен қатар, емханалардағы ұызметкерлер мен пациенттердің шариғат талаптарына сай киінуі әдебіне де мән берілетін болады.

0 пікір
Мұрағат