Бал тамған у-дан бас тартты. Уақытша...
Бал тамған у-дан бас тартты. Уақытша...
6 жыл бұрын 2943 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алжир билігі сауда тапшылығын азайту мақсатында бірқатар тауар түрлерінің импортын қысқарту турасында шешім қабылдады. Яғни, сырттан келетін тауарлар легіне едәуір шектеу енгізіледі. Нақтырақ айтқанда, қалта телефонынан бастап, ірімшік пен шоколадқа дейін ұзын саны 900-ге тарта тауар түрінің импортына тыйым салынды. Мұнай мен газ экспорттайтын Алжир билігінің мұндай қадамға аталған шикізат түрлерінің әлемде бағасының құлдырауынан барып отыр. Десе де, бұл шектеудің уақытша шара екенін мәлімдеді. Сырттан тасымалданатын азық-түлік тапшылығы елдегі ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру есебінен жабуды көздеп отыр. Осылайша, қылаяғы қара суға қатып ішетін қатығына дейін сатып ішетін масылдық әдеттен арылып, уақытша болса да өз өнімдерін өндіруді қолға алмақ. 

0 пікір
Мұрағат