Саудия мен тағы бір араб елін инфекциялық емес індет жайлап барады
Саудия мен тағы бір араб елін инфекциялық емес індет жайлап барады
2 ай бұрын 783 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: AnnaStills

Cаудия мен Біріккен Араб Әмірлігі ұлт денсаулығына ғана емес, соныме қатар, ел экономикасына да орасан зор салмақ түсіретін семіздік індетінен ең көп зардап шегетін мемлекеттер қатарын толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы Al Arabiya English ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық семіздік федерациясының «Семіздіктің бүкіл әлемдік атласы – 2024» атты баяндамасында айтылғандай, семіздік індеті мен артық салмақпен байланысты инфекциялық емес аурулар деңгейі жыл сайын көтеріліп келеді. Егер бұл қарқын сақталатын болса, онда 2035 жылы аталған қос араб елі тұрғындарының жартысы артық салмақтан зардап шегетін болады. Бұл тараптағы есепке сәйкес саудиялық әйелдердің 78%-ы артық салмақтан зардап шегеді, ал ерлердің 76%-ы семіздік індетіне шалдыққан. БАӘ-де артық салмақпен күресуге жыл сайын ел экономикасынан шамамен 12 миллиард доллар бөлінеді.БАӘ әйелдер арасында семіздік деңгейі бойынша әлемде 11-ші орында, елдегі әйелдердің үштен бірінен астамы (37,2%) артық салмақтан зардап шегеді. Ел жаһандық семіздік индексінде бесінші орында, 11-16 жас аралығындағы балалардың 40%-ы және 11 жасқа дейінгі балалардың 20%-ы семіздік індетіне шалдыққан. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, семіздік індеті көптеген жұқпалы емес аурулардың, соның ішінде 2 типті қант диабеті, жүрек ауруы, инсульт және онкологиялық аурулардың даму ықтималдығын айтарлықтай арттырады.

0 пікір
Мұрағат