Саудия билігі әйелдердің құқығын кеңейтуде тағы бір қадамға барды
Саудия билігі әйелдердің құқығын кеңейтуде тағы бір қадамға барды
7 жыл бұрын 2796 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы мен осы елдің ұлттық әуе компаниясы саудиялық әйелдерді ұшақ басқаруды меңгеруі үшін шетелге оқуға жіберуге бел байлап отыр. Оларға арнайы шәкіртақы тағайындамақ. 

 

Естеріңізде болса, алдыңғы күні аталған елде әйелдерге көлік жүргізуге билік тарапынан ресми рұқсат берілгенін жария еткен едік. Саудиялық әйелдерге осы уақытқа жабық болып келген стадионның да есігі ашылғанын айта кету керек. Соңғы уақытта патриархалдық тәртіп үстемдік еткен елде әйелдердің құқығы кеңейтіліп жатыр. Ендігі жерде әйелдердің ұшқыш атануына барынша мүмкіндік бермек. Ханади есімді ұшқыш әйел ұшуға 2006 жылы лицензия алғанымен ел аумағынан тыс жерде әуе кемесін басқаруға болмайтын еді. Жидда қаласында орналасқан азаматтық авиацияның бас басқармасынан ұшуға лицезия алған ол саудиялық ханзада әл-Уәлид бин Талалға тиесілі жекеменшік әуе компаниясының ұшағында жұмыс істеуді бастады. 

"Бұрын тек ер-азаматтар ғана атқарған кез келген жұмысты саудиялық әйелдер де істей алады",- деп мәлімдеді ол. 

2014 жылы Жасмин Мұхаммед әл-Майнами чартерлік рейсте ұшуға лицензия алған осы елдегі екінші әйел. 

Айта кетейік, 500-ге тарта саудиялық әйел Saudi Arabian Airlines әуе компаниясының қызметкері болып жұмыс істейді. Алайда, олар қаржы, борндау, т..б ұшуға тікелей қатысы жоқ салаларда жұмыс істейді. 

0 пікір
Мұрағат