Саудия АҚШ-тың жетегінде кетті ме...
Саудия АҚШ-тың жетегінде кетті ме...
6 жыл бұрын 2939 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Иранның ядролық бағдарламасына байланысты 2015-ші жылғы мәміледен шыққан АҚШ Иранға қайыра санкция салып, әлемнен оқшаулау үшін одақтастарына үндеу тастағанын айтқан болатынбыз. Соның ішінде Саудия билігінен Иранға санкция салынуына байланысты орын алатын мұнай тапшылығын болдырмас үшін, яғни, Иран мұнайына деген зәрулікті жою үшін мұнай өндірісін арттыруды сұрағанын да хабарлаған едік. Осыған орай АҚШ-тың Араб түбегіндегі жақын одақтасы Саудия аймақтағы бәсекелесі Иранға қарсы мұнай өндірісін күрт арттырғаны белгілі болды. Тарқатып айтқанда, шілде айында Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы тәулігіне өндірілетін мұнай мөлшерін 330 мың баррелге дейін арттырды. Жалпы алғанда, күніне 10,3 млн баррелге дейін өндіріп жатыр. Бұл екі жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып тұр. Бұдан бөлек, барлық өндірілген мұнай эспортталып жатыр. Нәтижесінде шілде айында Saudi Aramco ОПЕК белгілеген квотадан асыра өндіріп жатыр. ОПЕК саудиялық компанияға әзірге ауыз аша алмай отыр. Өйткені, санкцияға байланысты мұнайына жол жабылған Ираннан бөлек әлемдегі тағы бір мұнайлы ел - Венесуеладағы тәулігіне мұнай өндірісі 60 мың баррелге кеміген болатын. Сондай-ақ, Анголада тәулігіне 120 мың баррелге дейін азайған. Бұдан бөлек, содырлардың сойқанынан әрі мұнай шикізатын экспорттайтын айлақтың жабылуына байланысты Либияда да тәулігіне 300 мың баррелге дейін мұнай өндірісі құлдырап кеткен еді. Саудиялық компания осы олқылықтың орнын толтырып отыр. 

0 пікір
Мұрағат