Мұсылман елі педофилдерге өлім жазасын қолдануы мүмкін
Мұсылман елі педофилдерге өлім жазасын қолдануы мүмкін
6 жыл бұрын 3448 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда таяу жылдары педофилдерге өлім жазасын қолдануы мүмкін. Тиісті заң жобасын аталған елдің парламенті қарастырып жатыр. Билік басындағы Әділет және даму партиясы жетекшісінің орынбасары әрі баспасөз хатшысы Мәһір Онал мұндай қадамға балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін барып отырғандарын мәлімдеді. Осыдан бірер ай бұрын ғана, дәлірегі, осы жылдың сәуір айында педофилдерді міндетті түрде химиялық піштіру және 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қолданысқа енгізу турасында ұсыныс талқыға түскен болатын. 

0 пікір
Мұрағат