Сауд Арабиясында қазақстандықтарға жалған салафизмді насихаттаған адам ұсталды
Сауд Арабиясында қазақстандықтарға жалған салафизмді насихаттаған адам ұсталды
6 жыл бұрын 2971

Сауд Арабиясы корольдігінің құқық қорғау органдары Медина қаласында жалған салафизмді насихаттаушы Назратуллах абу-Марьям есімімен танымал болған Абдукадыров Назратулланы ұстады.  Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Астана дін проблемаларын зерттеу орталығы мәліметінше, Назратуллах абу-Марьям ұзақ уақыт бойы Интернет желісі арқылы псевдосалафизмді насихаттап келген. Сол елде жүріп, ол заңсыз насихат жүргізіп, шындыққа жанаспайтын және ҚР және ТМД елдерінің азаматтарына, яғни. жергілікті жамағатқа деструктив әсер беріп, заңға қайшы әрекеттерге барған. 

"Бұл адам Сауд Арабиясында тұрып, деструктив идеологияны ұстанып, Қазақстандағы діндестері арқылы белсенді түрде өзінің қате діни ойларын таратып отырған. Осы орайда оның "Киелі жерде" ұсталуы заңды әрекет. Осы жағдайдан кейін Сауд Арабиясы корольдігінің Исламның ілгері жүруін қалайтынын және басқа да мұсылман елдерімен қарым-қатынасты бағалайтынын көрсетеді. Тағы бір осындай жағдайда сол елдің құқық қорғау органдары насихат арқылы діни алауыздық тудырған Абдухалил Абдужаббаровты ("шейх Халил") ұстап, Қазақстанға жіберді", - дейді Орталық мамандары. 

0 пікір
Мұрағат