Сақал өсіргендер мен белдемше кигендерге жеңілдік беріледі
Сақал өсіргендер мен белдемше кигендерге жеңілдік беріледі
5 жыл бұрын 3603 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу қаласындағы кафелердің бірінде сақал өсіргендер мен белдемше кигендерге жеңілдік қарастырылған. Бұл жайында Metro мерзімді басылымы хабар таратты. Бұл арада Ресей Федерациясының Твер заставасындағы Никола Чудотворц көне шіркеуіне қарасты кафе турасында сөз болып отыр. Аталмыш кафеде кофе мен тәттілер сатылады. Сақал өсірген ерлер мен белдемше киген әйелдерге 5 пайыз мөлшерінде жеңілдік қолданылады. Аталған шіркеу осылайша Көне Өсиетте айтылған талаптардың бірін насихаттамақ. "Сақал өсірген адам, мейлі ол мұсылман болсын, иудей болсын, христиан болсын, ешкім жоққа шығармаған Көне Өсиеттің үкімін орындаған болады",- деді мұндай бастаманы неліктен көтергенін түсіндірген шіркеу старостасы Михаил Панкратов. Өткен жылдың желтоқсан айында ашылған аталмыш дәмхана мәскеуліктер арасында танымал бола бастаған. 

0 пікір
Мұрағат