"Исламофобиямен бүкіл әлемдік күрес күнін" белгілеуді ұсынды
"Исламофобиямен бүкіл әлемдік күрес күнін" белгілеуді ұсынды
5 жыл бұрын 2995 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ISESCO) Жаңа Зеландияның екі мешітінде теракті орын алған күнді, дәлірегі, наурыздың 15-сін исламофобияға қарсы бүкіл әлемдік күрес күні етіп белгілеуді ұсынды. ISESCO жетекшісі Әбдіәзіз бин Осман әт-Тубейжири өзінің жазбаша мәлімдемесінде күллі әлем бойынша мұсылмандарға қарсы арандатушылық әрекеттің өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Бұл кері тенденция өз кезегінде ислам әлемінен тысқа елдерде өмір сүріп жатқан мұсылмандардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, құқығының бұзылуына апарып соқтыруда. Осылай дей келе ол Біріккен Ұлттар Ұйымына әлгіндей ұсыныс білдірді. 

0 пікір
Мұрағат