АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясы шынымен құрдымға кетті ме?
АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясы шынымен құрдымға кетті ме?
6 жыл бұрын 2624 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның ислам партиясының жетекшісі, дала командирі әрі бұрынғы ел премьер-министрі Гүлбедин Һекматиар АҚШ билігінің Ауғанстан мен Орта Азияға қатысты стратегиясының құрдымға кеткенін мәлімдеді. «Ауғанстан үшін де, АҚШ үшінде ешқандай жетістікті көріп тұрғам жоқ. Америка бірде-бір мақсатына қол жеткізе алмады. Есірткі контрабандасын жоятынын жаһанға жария еткенімен есірткі өндірісі жыл сайын 80 пайызға артып барады»,- деп мәлімдеді Tolo телеарнасының эфирінен. Сондай-ақ, ол АҚШ-тың Ауғанстанда күшті үкімет жасақтай алмағанын әрі Орта Азияға жол аша алмағанын да жеткізді. Қаншама кісі өлімі мен қаржы шығыны орын алғанына қарамастан. Десе де осынша сәтсіздікке қарамастан Пентагонның биыл тағы 1000 әскери қызметкерін Ауғанстанға аттандыратынын немен түсіндіруге болады? Қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операциялар және өзге мақсатта жұмсалып жатқан миллиардтаған қаржыны жиі ауызға алғанымен әрі АҚШ-тың Ауғанстандағы америкалық күштердің әскери операцияларының заңдылығына күмәнмен қараса да неге Ауғанстаннан кетпей отырғанын сарапшылардың дені АҚШ-тың өзімен бәсекелес Ресейге және Қытайға қарсы Ауған жерін геосаяси қалқан ретінде пайдалануы әбден мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұған қоса, есірткі бизнесінен түсетін миллиардтаған қаржының батыс елдерінің қаржы айналымына қызмет етіп жатқаны турасындағы ақпараттың да барын жоққа шығара алмайсыз.

0 пікір
Мұрағат