Ресей террористерге дем беруші елдердің қара тізіміне енгізілуі мүмкін
Ресей террористерге дем беруші елдердің қара тізіміне енгізілуі мүмкін
6 жыл бұрын 3062 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ бастаған батыс елдері Ресейді террорист мемлекеттерге демеуші елдердің қара тізіміне енгізіп, санкцияны қатайта түсуі керек. Бұл жайында АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитет мүшесі, демократ Роберт Менендес мәлімдеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, террорист мемлекеттер тізімінде Иран, Сирия, Солтүстік Корея және Судан бар. Террорист мемлекеттер тізіміне енген елдерге әскери мақсатта қолданылуы мүмкін тауарлардың кейбір түрлерін экспорттауға, өзге елдерге қару-жарақ сатуға және аталған мемлекеттерге экономикалық көмек көрсетуге тыйым салынған. Ресей қара тізімге енген аталған елдердің ішінде, Иранмен және Солтүстік Кореямен және Сирия билігімен қатынас орнатып, аталмыш тыйымның талаптарын белден басып отыр. 

0 пікір
Мұрағат