Айтқанымыз айдай келді ме?!
Айтқанымыз айдай келді ме?!
6 жыл бұрын 5621 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, Ауғанстандағы америкалықтардың мақсаты, тәліптер қозғалысы турасында талай хабар таратқан едік. Нақтырақ айтқанда, АҚШ сарбаздарының Ауғанстандағы миссиясы осы құрлықтағы саяси бәсекелесі Қытай мен Ресейдің арынын басу үшін ауған жерін әскери база ретінде пайдаланып отырғанын хабарлаған едік.  Сәл басқашалау демесеңіз, айтқанымыз айдай келген секілді. Олай дейтініміз, біздің жорамалымыз Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігінің Азия жөніндегі комитет жетекшісі Замир Кабуловтың "дуалы" аузымен расталғандай болды. Замир Кабуловтың бұл мәлімдемесінде Ресейдің мүддесін барынша алға шығарған күннің өзінде сөзінің жаны бар, яғни, шындыққа бір табан жақын. Оның мәлімдемесінде америкалықтардың ауған жеріндегі мақсаты террористермен күресуде емес, өзімен бәсекелес Ресейдің (Қытайда айтпапты, алайда - ред.) ықпалын азайту, дәлірегі, Орта Азия елдерінде тұрақсыздық тудыру арқылы көрші жатқан Ресейдің іргесін шайқауда жатыр. Осылайша Орта Азияны уысына түсіру арқылы Ресейді тынысын тарылтпақ екен. Оның айтуынша. Сондай-ақ, америкалықтардың ауған жерінен кетпей отыруының тағы бір себебі Иранмен арадағы ықтимал соғыста жатыр. 

0 пікір
Мұрағат