Ресей террористер елі ме?
Ресей террористер елі ме?
7 жыл бұрын 3603 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның ішкі істер министрлігі Сирия мен Шам жерінде бүлік шығарып, лаң салған әлемдегі содырлармен байланысы бар деген күдікке ілінгендердің тізімін жасады. Бұл жайында Түркияның ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған баяндамада мәлім етілген.  Қара тізімге енгендерге Түркия аумағына кіруге тыйым салынған. Ал түрік билігі жасаған бұл қара тізімде жалпы есепте әлемнің 146 елінен 53781 адам тұр. Бұл тізім бойынша Сауд Арабиясы көш бастап тұр - 7,5 мыңнан аса адам, одан кейінгі орында Тунис - 4,6 мың адам, Ресей алғашқы үштікті тұйықтап, терроризмге қатысы бар күдіктілер бойынша көш бастаған: 2011 жылдан бері Түркия аумағынан Ресейге РФ-ның 804 адам депортацияланған. Одан кейінгі орында Индонезия (435) және Тәжікстан (308) тұр. Бұл жайында islam-today.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат