Иегова куәгерлеріне біржола тыйым салынды
Иегова куәгерлеріне біржола тыйым салынды
7 жыл бұрын 5248 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" секталық ұйымын тарату жөніндегі шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл жайында "Ресейдегі Иегова куәгерлері" сайты мәлім етті. Батыс елдерінен келген бұл секта ТМД аумағында әркімнің есігін қағып, еркінсіп, тайраңдап кетіп еді. "Ресейдің жоғарғы соты Иегова куәгерлері наным-сенімін ұстанатын Ресейдің 175 мың азаматының құқығы мен әділдікті қалпына келтірудің соңғы мүмкіндігін жіберіп алды",- деп айтылған аталмыш секталық ұйымның мәлімдемесінде. Алайда, ресейлік иеговалықтар жоғарғы соттың бұл үкімімен келіспейтінін, өз құқықтары үшін күресетіндерін мәлімдеп, "Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа және өзге де халықаралық ұйымдарға" шағымданатынын жеткізіпті. Айта кетейік, РФ аумағында шамамен 400-ге тарта аталған секталық ұйым тіркелген екен. Аталған секталық ұйым мүшелеріне елімізде қашан түбегейлі тыйым салынатыны белгісіз. Қазақстанда бұл секталық ұйымның қанша мүшесі бар? Бұл туралы ақпарат әр түрлі. Нақты бір статистикалық дерек табылмады. Олардың қатарында қанша қаракөздеріміздің адасып жүр? Бұл туралы да мәлімет жоқтың қасы. 

 

0 пікір
Мұрағат