Ресей тәліптерді террористік ұйым қатарынан шығаруы мүмкін
Ресей тәліптерді террористік ұйым қатарынан шығаруы мүмкін
1 ай бұрын 356 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының сыртқы істер және әділет министрліктері ел аумағында экстремистік топ ретінде танылған тәліптер қозғалысын террористік ұйымдар қатарынан шығаруы ықтимал. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ СІМ-ге жөн сілтеген «Газета.Ru» мерзімді басылымы мен Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Талибан қозғалысынан лаңкестік ұйым мәртебесін алып тастауға келетін болсақ, бұл мәселені Ресей Сыртқы істер министрлігі, Ресей Әділет министрлігі және Ресейдің басқа да тиісті ведомстволары зерттеп жатыр. Соңғы шешімді елдің жоғарғы саяси басшылығы қабылдайды», - деп хабарлады Ресей дипломатиялық департаменті. Осы орайда Қазақстан республикасы 2023 жылдың соңына таман тәліптер радикалды қозғалысын террористер ұйымы қатарынан шығарғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат