Араб елінде биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик пакетті де пайдалануға тыйым салынды
Араб елінде биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик пакетті де пайдалануға тыйым салынды
30 күн бұрын 307 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2024 жылдың маусым айының 1-нен бастап Дубайда пластик пен қағаздан жасалған бір реттік пакеттерді пайдалануға толық тыйым күшіне енеді. Қазіргі уақытта супермаркеттер бір реттік пластик пакет үшін 25 фил ақы алады, алайда, үш айдан кейін мұндай пакеттерді пайдалануға толығымен тыйым салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, дүкендерден тұтынушыларға тегін баламасын ұсыну талап етілмейді. Клиенттерге өзімен бірге қайта пайдалануға болатын сөмкелерді ала келуі тиіс. Тыйым салынған сөмкелерге биологиялық тұрғыдан ыдырағанымен артында микропластиктерді қоршаған ортаға қалдыратын биологиялық ыдырайтын қаптар да кіреді. Жаңа ереже талаптары нан, көкөніс, ет, балық және тауық етіне, қоқыс жәшіктеріне және кір жууға арналған қаптарға, сондай-ақ, электронды құрылғылар мен онлайн сатып алынатын өнімдерге арналған қаптамаларға қолданылмайды. Бұл тыйымды елемегендерге 200 дирхам айыппұл салынады, қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері екі есе өседі. 2025 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап аталған араб елі аумағында коктейл таяқшаларына, шыныаяқтарға, тіпті, пластик мақта тампондарына да тыйым салынады. Ал 2026 жылдың қаңтардың 1-нен бастап тағамға арналған пластик ыдыстарды, ыдыс-аяқтарды, сусындарға арналған пластикалық шыныаяқтар мен қақпақтарды сатуға және пайдалануға тыйым салынады. Тыйымға қайта өңделген материалдардан жасалған сөмкелер, сондай-ақ, экспортқа шығарылатын тауарларды орауға арналған полиэтилен кірмейді. 

0 пікір
Мұрағат