Ресей жалдамалылары араб еліндегі мұнай кен орнын иемденіп алды
Ресей жалдамалылары араб еліндегі мұнай кен орнын иемденіп алды
9 күн бұрын 313 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Либия билігі АҚШ пен Еуропалық одақтан «Вагнер» жеке әскери компаниясына заңсыз әрекеті үшін санкция салуды сұрап отыр. Либия билігінің мәлімдеуінше, вагнерлік баскесерлер аш-Шарара мұнай кен орнын басып алған. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы либиялық елші Таһир әл- Сонни (Taher EL-Sonni) Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында мәлім етті. Либия билігінің келтірген дерегіне қарағанда, ресейлік жалдамалылар Либия аумағындағы либиялықтарға тиесілі аш-Шарара кен орнын маусым айының 25-і күні басып алған. аш-Шарара кен орнында тәулігіне шамамен 300 мың баррел мұнай өндіріледі. Либияда мұнай шикізатының үштен бірі аталмыш кен орнынан өндіріледі. Бұл жайында түріктердің Anadolu ақпарат агенттігі хабар таратты. Ондағы жұмыс 2020 жылдың қаңтар айында тоқтатылған болатын. Либия ұлттық армиясының пәрменімен.

0 пікір
Мұрағат