«Рамазан айының соңғы он күнінде демалыс берілсін»
«Рамазан айының соңғы он күнінде демалыс берілсін»
9 жыл бұрын 2956

Біріккен Араб Әмірліктерінің федералды ұлттық кеңесінің мүшесі Мұсаббаһ әл-Китби қасиетті Рамазан айының соңғы он күнін демалыс күндеріне айналдыру турасында бастама көтеріп, арнайы мәлімдеме жасады. Ол неліктен мұндай мәлімдеме жасағанын былайша түсіндірді: «Бұл адамдарға көбірек құлшылық етуіне жағдай жасап, туған-туыстарын аралауына мүмкіндік береді». Мұсаббаһ әл-Китби осы ұсынысын министрлер кабинетінің істеріне жауапты министр Мұхаммед әл-Гаргавиге білдірген екен. Оның бұл ұсынысы алдағы уақытта қарастырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат