Рамазан айында қыдырған имамдар қатаң жазаланады
Рамазан айында қыдырған имамдар қатаң жазаланады
9 жыл бұрын 3282

Сауд Арабиясының Исламға шақыру, садақа беру істері министрлігі ел аумағындағы мешіттерде жұмыс істейтін имамдарға қасиетті Рамазан айында жұма намазын жіберіп алмауды қатаң тапсырды. Жұма намазын жүргізбегендерді қатаң жазалайтынын да ескертті. Бұл жайында «Khaleej Times» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш министрлік мешіттерге қасиетті Құранның 65 000 данасын тегін таратып, жөндеу жұмыстарына қаржы аударды. Саудиялықтар Рамазан айына дайындықты осындай істермен бастады.

0 пікір
Мұрағат