Радикалды буддашылар шариғат шәлісі мен құрбан айтқа тыйым салғысы келеді
Радикалды буддашылар шариғат шәлісі мен құрбан айтқа тыйым салғысы келеді
9 жыл бұрын 3511

Мьянмада жуырда 1300-ден аса монах қатысқан жиын өтті. Жиында адам құқығына қайшы келетін, осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қарсы қарар қабылданды. Бұл құжатта будда радикалдары ел билігінен мектеп оқушыларына шариғат шәлісін жамылып жүруге және жазықсыз малдың обалына қалады деген желеумен Құрбан айтқа тыйым салуды талап еткен. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, жиынға қатысқан монахтар ел тұрғындарына қандай да бір сайлау науқанында будда наным-сеніміне қарсы келмейтін кандидаттарға ғана дауыс беруге үндеді.

0 пікір
Мұрағат