Қызыл теңіздің үстінен көпір тартылатын болды
Қызыл теңіздің үстінен көпір тартылатын болды
8 жыл бұрын 3221

Қызыл теңіздің үстінен Сауд Арабиясы мен Мысырды жалғайтын көпір тартылатын болды. Бұл жайында корол Салман бен Әбдіәзіз әл Сауд мәлімдеді. Саудиялық  билеушінің сөзіне қарағанда, аталмыш жоба екі елдің арасындағы сауда-саттықты, алыс-беріс пен барыс-келісті жандандырады. Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас Сиси бұл көпірді королдің құрметіне оның есімімен атауды ұсынды. Сөз реті келгенде айта кету керек, Қызыл теңіздің, дәлірегі, жалпы ұзындығы 32 шақырымға созылатын көпір Ақаба шығанағының үстінен тарту жайында бұрын да сөз болған. Дәлірегі, 2011 жылы пирамидалар елінің көлік министрлігі Қызыл теңіз үстінен тартылатын, құны 3-4 млрд долларға бағаланған теміржол мен автокөлік жолының жобасы сызылып, бекітіліп қойғандығын мәлімдеген еді. Алайда, айтылған сөз айтылған жерде қалған еді. Өйткені, сарапшылар осы әңгіме қозғалғанда Мысыр президенті болып тұрған Хосни Мүбәрактың Израил ықпалынан шыға алмай қалғанын жеткізген болатын. Өйткені, бұл жоба Израилге тиімсіз болатын. Аталған екі елдің арасына дәліз болған, сол арқылы өзіне кіріптар еткен Израил мүддесіне қайшы бұл көпір Мысыр мен Сауд Арабиясының ынтымақтастығын арттырары сөзсіз.

0 пікір
Мұрағат