"Қызыл кітапқа" енген жануардың етін жеген полицейлер қызметтен қуылды
"Қызыл кітапқа" енген жануардың етін жеген полицейлер қызметтен қуылды
9 жыл бұрын 3163

Baq.kz ақпарат көзінің The Daily Telegraph ресурсына сілтеме жасап, таратқан хабарна қарағанда, Қытайдың Шэньчжень қаласында саламандра етін жеген жоғары шенді полицейлер жұмыстан қуылды.

Қалталы азаматтардың отырысында "Қызыл кітапқа" енген алып саламандраның еті дастарханға қойылыпты. Қытайлықтар арасында осынау тағам деликатес болып есептеледі екен және бағасы 6352 юань (1 мың доллар).

Полицейлермен бірге саламандра етін мемлекеттік қызметкерлер де жеген, барлығы 28 адам. Ал, шенеуніктердің бұл әрекетін суретке түсірмек болған БАҚ өкілдерін қарауылдар жұдырық астына алған, фотоаппараттарын сындырған.

Қазір осынау іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қатысы бар деген күдікпен 14 полицей жұмыстан шығарылды. 

0 пікір
Мұрағат