Қытайдың Таяу Шығыстағы ықпалын неге арттырғысы келетіні белгілі болды
Қытайдың Таяу Шығыстағы ықпалын неге арттырғысы келетіні белгілі болды
6 жыл бұрын 3062 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі әлемнің әр түкпірінде өзінің әскері болғанын қалайды. Әлемдің саясатта экономикалық мүддесін қорғап, есе жібермесі үшін. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Осы мақсатта қытайлар Пәкістанда да өздерінің әскери-теңіз базасын ашуға бел байлап отыр. Аталмыш база әлем елдерімен кеңінен сауда жүргізуге қолайлы Ормуз шығанағына апаратын «есік» қызметін атқаратын Гуадар айлақты қаласында, дәлірегі, аса маңызды стратегиялық қалада ашылады. Естеріңізге сала кетейік, кезінде хабарлағанымыздай, Африка құрлығының шығысында орын тепкен Жибутиде 2016 жылдың тамыз айында осындай база ашылған болатын. Қытайдың бұл әлемде ашылатын екінші әскери-теңіз базасы. Тағы бір айта кететіні, Гуадар қаласы табаны күректей 43 жылға Chinese Overseas Port Holdings деп аталатын мемлекеттік компаниясының басқаруына берілген. Өткен жылдың күз мезгілінен бастап, онда Қытайдан келген коммерциялық жүктер өңделеді.

0 пікір
Мұрағат