Ресей агрессиясын тежеп ұстау үшін жаңа ядролық оқтұмсық жасалады
Ресей агрессиясын тежеп ұстау үшін жаңа ядролық оқтұмсық жасалады
6 жыл бұрын 3145 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі ядролық қаруды пайдалану саласындағы шектеуді бұза отырып, жаңа ядролық оқтұмсық жасауға кіріспек. Бұл жайында АҚШ-тың қарулануды және оны таратпауды бақылайтын ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы аға директоры Джон Вулфстал мәлім етті. Оның айтуынша, Пентагон жаңа ядролық доктрина дайындап жатыр. The Guardian ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, бұл арада суасты кемесінен жіберілетін Trident зымыранына орнатылатын ядролық оқтұмсық турасында сөз болып отыр. Джон Вулфстал мұндай ядролық оқтұмсықтың Шығыс Еуропадағы жанжал кезінде Ресейді тактикалық оқтұмсықты пайдаланудан тежеу үшін қажет екенін мәлімдеді. Айта кету керек, АҚШ-тың аталмыш доктринасында ядролық қаруды қолданумен жауап берілетін әлеуетті қауіп-қатерлер тізімі ұлғайтылған болатын.

0 пікір
Мұрағат