Қытайда тұратын қандасымыз салмағы 8 келіге жуық алтын тауып алды (ФОТО)
Қытайда тұратын қандасымыз салмағы 8 келіге жуық алтын тауып алды (ФОТО)
9 жыл бұрын 4365

BAQ.KZ ақпарат көзініңхабарлауынша, ҚХР Алтай аймағының Шіңгіл ауданында тұратын Берік есімді қандасымыз салмағы 7.85 келі кесек алтын тауып алған.

Досымен бірге алтын іздеуге шыққан Берік ен далада ойламаған жерден ат басындай кесек алтынның үстінен түседі.

Қандасымыздың айтуынша, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметірі 23 см, ені 18 см, ең қалың жері 8 сантиметр болған. «Табиғаттың шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды», - дейді алтынды көрген көршілері.

Әлемде бұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, алтын кендерінің өзінде де тым сирек кездесетін көрінеді.

0 пікір
Мұрағат