Қытайда отбасыларға бала тапқаны үшін ақша төлене бастады
Қытайда отбасыларға бала тапқаны үшін ақша төлене бастады
6 жыл бұрын 3512

Қытайда соңғы уақыттарда бала туу көрсеткіші төмендеп кеткеннен кейін мемлекет демография көтеру үшін түрлі шара қабылдай бастады.

Бұл туралы China.org.cn басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қытайда босанушы әйелдер 98 күндік декреттік демалыс алуға құқылы. Сонымен қатар олар бала күтімі үшін тағы 138 немесе 158 күндік демалыс ала алады. Жалпы, барлық жеңілдік ескерілгеннің өзінде, декреттік демалыс мерзімі бір жылға толмайды.

Сонымен қатар дүниеге келген баланың әкесіне де 15-30 күн аралығында демалыс беріледі. Алайда ендігі қытайлық аналар бала үшін ақшалай өтемақы ала алады.

Ендігі екінші баланы дүниеге әкелуді жоспарлап жүрген отбасыларға бір реттік өтемақы төленетін болады. Сонымен қатар қосымша төлемдер мен медициналық қызмет түрлері тағайындалады.

Аспан асты елінің Ұйғыр автономиясының Шыңжаң қаласындағы аналар екінші баласын дүниеге әкелгені үшін 1000 юань (50 мың теңгеден аса) және бала 3 жасқа толғанша сүт қоспасы беріледі.

Айта кетсек, бүгінде Қытайдағы халық саны 1,4 миллиардқа жеткен.

0 пікір
Мұрағат