Масаларға адамды шағуға тыйым салынды
Масаларға адамды шағуға тыйым салынды
6 жыл бұрын 4001 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Францияның Бриол қаласында, Мен және Луара департаменті жергілікті тұрғындардың шілде айының басында жүріп өткен селден кейін масалардың қаптап кеткенін әрі маза бермейтінін айтып шағымданған соң қансорғыш жәндіктерге адамды шағуға тыйым салды. Бұл жайында The Connexion ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, бастауыш мектеп пен балалар бақшасының маңында маса аулайтын құрылғылар орнатылды. "Мен осылайша күлкілі әрекетіммен тұрғындарға бұған ештеңе істей алмайтынымды жеткізгім келді",- деді қала мэрі. Бір қызығы әрі таңқаларлығы, масалардың адамдарды мазалауға тыйым салатын жарлық шыққаннан кейін, шынымен де қалада қансорғыш жәндіктер азайып кеткен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2016 жылы Швецияда маса аулаудан жарыс ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаз 135 қансорғыш қанатты жәндікті ұстаған. Бұл жарыс масаға қарсы құралдармен жергілікті орман-тоғайды улауға тыйым салатын жарлыққа байланысты ұйымдастырылған болатын. 

0 пікір
Мұрағат