Қытайда мешіттер жаппай сүріле бастады
Қытайда мешіттер жаппай сүріле бастады
5 жыл бұрын 2016 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі мешіттерді жаппай сүруге кірісті. Бұл жайында Independent ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, Хэньань, Ганьсу провинцияларында, Ішкі Моңғолияда, сондай-ақ, Нинся-Хуэйс автономды округындегі мешіттер жермен-жексен етілген. Дәлірегі, былайғы жұрттың арасында «Қытайдың кіші Меккесі» атанған, мұсылман Хуэй ұлысы тұратын Линься қаласы маңындағы ауылдық жердегі мешіттің күмбезі мен мұнарасын жарған. Бұдан бөлек, Юньнань провинциясында үш мешіттің есегіне құлып салынған. Ол ол ма, күллі ел аумағында араб жазуын пайдалануға тыйым салынып отыр.

0 пікір
Мұрағат