АҚШ-та исламды мемлекет ақшасына насихаттауға тыйым салмақ
АҚШ-та исламды мемлекет ақшасына насихаттауға тыйым салмақ
5 жыл бұрын 1714 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі Солтүстік Каролина мен Дьюка жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламасына федералды қаржыдан ақша бөлуді тоқтатуға бел байлап отыр. Аталған елдің білім беру министрлігінің өкілдері аталмыш университеттерде христиан және иудаизмге көңіл бөлінбей, ислам діні барынша дәріптеліп жатқанымен түсіндіреді. Ақ үйдің бұл әрекетін. Бұл жайында NBC News ақпарат көзі хабар таратты. Ал аталмыш жоғарғы оқу орындарының өкілдері не дейді? Олар білім беру министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқандарын алға тартып, оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметті беретіндерін, егер оқу бағдарламасына наразы болса, шет тілін оқытуға бөлінетін федералды грантты қайтарып алуына кедергі келтірмейтінін мәлімдеді. Аталған жоғарғы оқу орындарының исламды дәріптейтінін айтып шағымданған республикалық партия атынан сайланған конгресшілдердің мәлімдемесінен кейін білім беру министрі Бетси Девос тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуге уәде беріп отыр. Солтүстік Каролина штатына қарасты Фармвилл қаласының жалпыға орта білім беретін мектепте «ағылшын тілінің сөзі» бойынша жаттығулар жинағында ислам мен Пайғамбарлар падишасын (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) мадақтаған насихат сөйлемдер болған. Негізінде аталған елде оқулықтарда қандай да бір дінді дәріптеуге заң жүзінде тыйым салынғанына қарамастан. Бұл жайында Christian Post ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат